18 мам, 2023 сағат 21:47

Димаш Орталық Азия елдері басшылары мен Си Цзиньпиннің алдында ән айтты

видеодан алынған кадр

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мен Орталық Азия елдері президенттерінің алдында өнер көрсетті.

Бұл туралы Борт N1 Telegram-каналы хабарлады.

"Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Си Цзиньпиннің Тан династиясының Лотос саябағындағы кездесуі ресми қабылдаумен жалғасты. Көшбасшылар алдында қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген өнер көрсетті", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда мемлекеттік сапармен жүр.