"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімі тағы екі айға ұзарды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"3 маусымда ауданаралық тергеу соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімін 7 тамызға дейін ұзартты", – делінген сот таратқан хабарламада.
Айта кетейік, "Дикий Арманның" ұсталғаны туралы ақпарат 7 қаңтар күні тараған еді. 11 қаңтар күні ол екі айға қамауға алынды. Наурыз айында Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды. Кейінірек оны қамауда ұстау мерізмі 7 маусымға дейін ұзарған болатын.