12 мам, 2023 сағат 12:20

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Фото: moreulybok.ru

Синоптиктер 13-15 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазгидромет мәліметінше, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктерге байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады: күн күркіреп, жаңбыр, бұршақ жауады. 15 мамыр түнде республиканың шығысында жауын-шашын жаууы мүмкін. 13 мамырда солтүстікте, 14 мамырда оңтүстік облыстарда, 14-15 мамырда республиканың оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.

"Қазақстанда ауа температурасы алдағы уақытта тағы ауытқиды. 14-15 мамырда ғана еліміздің солтүстік жартысында түнде 1-3 градус аяз болады. Республиканың оңтүстік облыстарында жел күшейіп, шаңды дауыл соғады", - делінген хабарламада.