Фото: Сұлтан Сейітов, kaz.elorda.info
Қазгидромет демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Синоптиктер мәліметінше, Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады.
"Қар жауады, желдің күшеюі - 15-23 м/с, 11 ақпанда Түркістан облысында, 11-12 ақпанда Жамбыл облысында өте қатты жел күтіледі (30 м/с және жоғары). Солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста жаяу бұрқасын болады. Республика бойынша тұман, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ күтіледі.
Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді, тек түнде ауа температурасы шығыста 17-25 градус, оңтүстік-шығыста 10-25 градус аязға дейін төмендейді, ал республиканың оңтүстігінде кезеңнің соңына қарай ауа температурасы күндіз 5 градус аяз - 2 градус жылыдан 3-8 градус жылыға дейін жоғарылайды" - делінген хабарламада.