28 қыр, 2018 сағат 15:32

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қыркүйектің соңғы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз және бұл маусымға қалыпты температурадан 2...5° С жоғары ауа райы күтіледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Мұндай қолайлы ауа райы антициклонның және оңтүстік-батыс тропосфералық ағындардың ықпалымен орнайды. Республиканың тек шеттегі солтүстік және батыс аудандары атмосфералық фронттардың ықпал ету аймағында болады. Салдарынан кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді, алайда ауа температурасы климаттық нормадан жоғары күйінше сақталады.