14 сәу, 2023 сағат 20:46

Дархан Есенғали еркін күрестен Азия чемпионы атанды

сурет ашық дереккөзден алынды

Астанада өтіп жатқан сары құрлық бəсекесінде еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Дархан Есенғали Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Отандасымыз финалда жапониялық Кирин Киношитаны ұпай санымен ұтты.

Дархан күндіз 1/8-де сингапурлық Хонг Луды, ширек финалда қырғызстандық Әділет Жапарқұловты сенімді ұтып, келесі кезеңге жолдама алған. Ал жартылай финалда Бахрейн атынан сынға түсетін Магамедрасул Аслуевты ұпай санымен жеңді. 

Бұл - қазақстандық еркін күрес шеберлерінің осы чемпионаттағы 3 алтыны.

Айта кетейік, Дархан биыл ақпанда Алматыдағы ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасында топ жарған еді. Төрт жылда бір өтетін бұл сында ол осы салмақтағы көшбасшы Нұрқожа Қайпановты, ал финалда Нұрлан Бекжановты ұтқан.