08 ақп, 2023 сағат 11:19

Данэлия Төлешова АҚШ жұртшылығын тағы да тәнті етті - видео


16 жастағы қазақстандық әнші Данэлия Төлешова America's Got Talent шоуында тағы да өнер көрсетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстандық жас әнші танымал шоудың бірінші кезеңінде голландиялық әнші Дункан Лоуренстың "Arcade" әнін орындады. Сөйтіп, әдеттегідей әділқазылар мен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Олар орнынан тұрып, қол шапалақтады. Қазылар алқасының құрамында болған актриса әрі тележүргізуші Хайди Клум дарынды жастың өнерін жоғары бағалады.

Сахнаға шыққан Данэлия қазылар мен көрермендерге өзі туралы айтып, таланты мен қабілетін көрсету үшін танымал шоуға қайта келгенін мәлімдеді.

Еске салайық, Данэлия Төлешова America's Got Talent өнер додасына 2020 жылы қатысып, ақтық сынына жолдама алған болатын.