26 нау, 2018 сағат 09:49

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар, жаңбыр жауып, көктайғақ болады

Cиноптиктердің болжауынша, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа-райы құбылмалы, жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады, тек батысында күн ашық. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел күшейеді. Оңтүстік өңірдің кей мекендерінде найзағай ойнайды, деп хабарлайды "Қазгидромет". 

Шығыс Қазақстан облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні 30 м/с асады, тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. 

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасындатады, күндіз көктайғақ болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с күшейеді. 

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасындатады, жел – 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейуі мүмкін. 

Солтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні кей жерлерде 23-28м/с күшейеді.

Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ,  жаяу бұрқасын болады,  жел күшейеді – 15-20 м/с.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел  күшейеді – 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, таңертең және күндіз найзағай ойнайды.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, жел күшейеді – 15-20 м/с. 

Алматы облысының кей жерлерінде жел күшейеді – 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей  жерлерінде тұман түседі.