Фото: elements.envato.com
БҚО-дағы ауылдардың бірінде белгісіз біреулер қарт ерлі-зайыптыны байлап, үйін тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 1 маусымға қараған түні Бөрлі ауданы Ақбұлақ ауылдық округінде болған. Ақбұлақ ауылындағы жергілікті тұрғындардың айтуынша, зейнеткерлерді түнде байлап, тонап кеткен.
Портал мәліметіне сүйенсек, бетперде таққан үш адам тонауға түскен. Сондай-ақ, Ақбұлақ ауылдық округі әкімі Зәмзәгүл Қалимова қарт ерлі-зайыпты балаларынан бөлек тұратынын айтқан.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, қылмыс әлі ашылмаған.
"Ауылға криминалдық полицияның тәжірибелі қызметкерлері жіберілді. Дерек ҚР ҚК-нің 191-бабы "Тонау" бойынша тіркелді", - делінген хабарламада.
736 рет оқылды