19 шіл, 2018 сағат 17:20

"Біз соңғы сәттерге дейін бір ғажайып боларына сендік..." - Мұхамедиұлы

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Денис Теннің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Дарынды мәнерлеп сырғанаушы, біздің спортымыздың аңызы Денис Тен, дәрігерлердің барын салғанына қарамастан, қайтыс болды. Оның жасы енді ғана 25-ке толған еді. Бұл аса қорқынышты әрі әділетсіздік. Ата-анасы қасіретке батты, Денисті танитындардың бәрі қайғырып отыр. Барлығы да оны жақсы көруші, құрметтеуші еді.

Осыдан бір ай бұрын ғана Астанада «Денис Тен және оның достары» атты мұзды шоуы өтті. Оған әлемнің түрлі елдерінен мәнерлеп сырғанаушы жұлдыздар және атақты жаттықтырушы Татьяна Тарасова келді. Денистің мұзды шоу Астананың 20 жылдығына арналды.

Ал бүгін біздің «алтын бала» Денис баукеспе ұрылардың қолынан қаза тапты. Олар Денистің автомобилінің терезесін ұрламақ болып, санына пышақ сұғып алған. Денис көп қан жоғалтты. Шұғыл ота жасалды, дәрігерлер консилиум өткізді. Денистің өмірін ғажайып күш сақтап қалар еді. Біз соңғы сәттерге дейін сол ғажапқа сендік. Өкінішке қарай, бұлай болмай шықты», - деп жазды министр өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

Сондай-ақ министр, Денистің туған-туыстарына көңіл айтты.

«Әрине, Денистің ата-анасына қолдан келгенше көмектесеміз, бірақ олардың ұлын қайтарып бере алмаймыз.

Олардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Өтініш, қайғыға берілмеңіздер. Аса қайғылы жағдай. Орны толмас өкініш. Иманды болсын», -  деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.