30 мау, 2022 сағат 09:26

Бағдат Мәнізоровқа қатысты қылмыстық іс қозғалғаны расталды

Фото: ©inbusiness.kz

Бас прокуратура Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бағдат Мәнізоровқа қатысты жаңа қылмыстық іс туралы ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство баспасөз қызметі мәліметінше, прокуратура Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкіміне қатысты соталды тергеуді тіркемеген.

"2022 жылдың 13 мамырынан бастап Алматы қаласы бойынша Полиция департаментінде М.А.-ның арызы бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы "Алаяқтық" бойынша Б.Мәнізоровтың әрекетіне қатысты қозғалған қылмыстық іс бар", - деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі өкілдері телефон арқылы.

2020 жылы ақпанда Бағдат Мәнізоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті.