22 мам, 2018 сағат 15:22

Атырауда екі жасөспірім 15-ші қабаттан лифт шахтасына құлап, қаза болды

Жогарыда аталган молтек аудан (Алмагул м/а) бир емес бирнеше турли жагдайга сонын ишинде олим жагдайына жеткизген канша апат болды?! Назар аударатын дуние еди, кузиретти органдардын алансыз отырганын калай тусинуге боларын меним жеке басым кабылдай алар емес. Адам омирин капияда жалмап кеткен, отбасындагы адамдарынан айрылган адамдарга каншалыкты ауыр жагдай екенин биле тура, типтен бир емес бирнеше окига тиркелген сон кызметтик деймизбе, яки адами деймизбе бир тексерис болуы керек еди гой. Осы окигадан кейын тирилип, кара корсетип, кимылдар мумкин жауаптылар...оны да мумкин деп кана карай аламыз. Карапайым халыкка жаны ашыган адам калмаганы ма, калай тусинемиз Автор текста: Alisher Talghat Если вам нужно это видео? Можем скинуть на вацап! ____________

21 мамыр күні Атырауда екі жасөспірім абайсызда 15-қабаттан шахтаның жүк тасымалдайтын лифтіне құлап кеткен.

Зардап шеккендердің бірі оқиға орнында дүние салса, екінші жасөспірім облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Алмагүл ықшамауданында болған қайғылы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, барлық лифт шаруашылықтары тексерілмек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау қалалық ТЖ және жұмылдырылған жұмыс бөлімінің басшысы Талғар Хайруллин мәлімдеді.

Оның айтуынша, екі жасөспірім қаза тапқан жазатайым оқиғаның себебін анықтайтын комиссия құрылған.

- Барлық лифт шаруашылықтарына тексеру жүргізіледі. 94  көп қатарлы тұрғын үйде 266  лифт орнатылған. Оның 32-сі жұмыс істемейді, жетеуі жүк лифті, - дейді Талғар Хайруллин.

Трагедия болған үйдегі жүк лифті 2012 жылы демонтаждалған, есіктері дәнекерленген. - Жасөспірімдердің лифт шахтасына қалай кіргендерін тергеу жұмыстары мен құрылған комиссия анықтайды, -  дейді Т.Хайруллин.

Жазатайым оқиға болған тұрғын үй 2007 жылы салынған, 2010  жылы 16 қатарлы үй күрделі жөндеуден өтті,  сол кезде лифтілер де жөнделген. Лифтілерді іске қосумен  «Каспий лифт» ЖШС айналысады, ПИК, пәтер иелері мен аталған мекеме арасында үшжақты келісім жасалған.