29 сәу, 2021 сағат 13:56

Ақтауда әйелді өлтіріп, 3 млн теңгесін ұрлаған қылмыскер ұсталды


Ақтауда әйел адамды өлтіріп, 3 миллион теңгесін ұрлаған қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, қанды оқиғаны тергеп-тексеру барысында қаза тапқан әйелдің «Kaspi Gold» картасынан үш миллион теңге сомасындағы қаражаты жоғалғандығы анықталған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері Түпқараған ауданындағы Таушық ауылында күдіктіні анықтап, ұстады. 

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Тінту кезінде полицейлер одан 2 миллион 500 мың теңге ақша қаражатын тәркіледі.

Күдікті Ақтау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бұған дейін Ақтаудағы тұрғын үйлердің бірінен әйел адамның мәйіті табылғанын жазған едік.