23 сәу, 2021 сағат 10:12

Ақтауда ер адам дүкенге шабуыл жасап, сатушы әйелді аяусыз тепкілеген

Ақтауда ер адам дүкенге шабуыл жасап, сатушы әйелді соққыға жығып, аяусыз тепкілеген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түнгі 03:07-лер шамасында Ақтау қаласы Полиция басқармасының 102 кезекші пультіне белгісіз ер адам дүкен сатушысына қарақшылық шабуыл жасап, ақшасын, ұялы телефонын ұрлап кеткендігі туралы хабарланды. 

Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының қызметкерлері барды, олар қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні жедел ұстады. 

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Ақтау қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.