14 сәу, 2023 сағат 16:15

Атырауда бір топ жасөспірім қатарласын аяусыз соққыға жыққан - видео


Атырауда бір топ жасөспірім өз қатарласын аяусыз соққыға жыққан. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 11 сәуірде болған.

«Атырау қаласындағы колледж жатақханасының жанында 2007 жылғы жасөспірімге дене жарақаты салынған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 293-бабының 2-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті ретінде 2006 және 2007 жылғы жасөспірімдер ұсталды. Олар Атырау қаласындағы №2 полиция бөліміне жеткізілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.