Фото: pixabay.com
Астанада 5 жасар қыз зорланды. Полиция қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"НеМолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің айтуынша, анасы жұмысқа кеткенде қыз әкесімен үйде қалған. Кейін әкесіне танысы келіп, екеуі ішімдік іше бастаған.
"Бір кезде бұл ер адам қызды оңаша апарып зорлаған. Анасы таңғы 6-да келгенде, қызды осы ер адамның жанынан тауып алған. Қыз қорқып: "Анашым, қайда кеттіңіз? Мына аға ауыртты", - деп жылаған" - деді Таңсәрі.
Астана қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған дерекке қатысты Есіл аудандық полиция бөлімі 8 наурызда ҚР ҚК 124-бабы бойынша (Жас балаларды азғындау) соталды тергеп-тексеруді тіркеген.
"Сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы негізінде, тергеу мүддесі үшін соталды тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді", - делінген хабарламада.