26 сәу, 2023 сағат 16:25

"АрселорМитталТеміртау" заңгерінің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды


Қарағанды облысының полицейлері "АрселорМитталТеміртау" АҚ заңгерінің өліміне қатысты күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

"Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 53 жастағы Шахтинск қаласы тұрғынының өліміне қатысы бар деген күдікпен аталған қаланың тұрғындары - 52 жастағы ер адам мен 44 жастағы әйел анықталып ұсталды.

Қылмыстық оқиға жәбірленушінің кәсіби қызметімен байланысты емес. Айғақ заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды" - деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Бұл дерекке байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабына ("Адам өлтіру") сәйкес қылмыстық іс қозғалған.

Еске салайық, 23 сәуірде Шахтинск қаласында 1969 жылы туған әйел адамның, яғни "АрселорМиттал Теміртау" заңгерінің денесі өрт шыққан пәтерден табылғаны хабарланған болатын.

ТЖД өкілдері бес адамды эвакуациялады. Өрт сағат 13.31-де толық сөндірілді.