24 мау, 2022 сағат 16:45

Мәсімов жайлы мәлімет үшін қомақты сыйақы жарияланды


Антикор Нұрлан Мәсімовті іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын еске салды. Ол туралы мәлімет бергендерге сыйақы (12 миллион теңгеге дейін) уәде етілген, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

"Нұрлан Мәсімов аса ірі мөлшерде пара алған деп күдіктелген. Сот "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта Мәсімов іздестіріліп жатыр", - делінген хабарламада.

Оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болса агенттіктің мына телефондары бойынша хабарлауға болады:

  • call-центр 1424
  • +7 (7172) 909 260
  • +7 (727) 278 7300
  • +7 (707) 978 0808

Антикор мәліметінше, Мәсімовтың орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 12 000 000 теңгеге дейін сыйақы көзделген. Сондай-ақ, хабарламаның құпиялығына кепілдік берілетіні айтылған.