04 сәу, 2018 сағат 17:55

Анатолий Смолин мен Владимир Жұмақанов қызметтерінен босатылды

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты Анатолий Смолин мен Владимир Жұмақанов қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының Жарлықтарымен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:

Анатолий Сергеевич Смолин Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметінен;

Владимир Зейноллаұлы Жұмақанов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметінен босатылды», - делінген Жарлық мәтінінде.