Фото: © Sputnik / Абзал Калиев
Алматыда 10 000 теңгелік жалған банкноттарды сатумен айналысқан бір топ адамның қылмыстық әрекетінің жолы кесілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізген тінту барысында қылмыстық әрекеттің заттай айғағы: жалған банкноттар, ұялы телефондар және басқа да заттар табылып, тәркіленген.
"Аталған факті бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бір күдіктіге қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Қазіргі уақытта екінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, басқа тұлғалардың заңсыз әрекеттерге қатысы анықталып жатыр" - делінген хабарламада.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.