Алматыда тоқтаусыз жауып тұрған жауын салдарынан сел жүру қаупі бар. Мамандар алдын алу шараларын бастап кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматыда сел жүру қаупінің алдын-алу үшін қаланың Төтенше жағдай департаменті мен аудан әкімдігі қызметкерлері біріге жұмыс бастады.
«Төтенше жағдайлар департаменті аудан әкімдіктерімен бірлесіп жиі су басатын учаскелердің тізімін жасаған болатын. Бүгін мамандар арнайы техника арқылы жауын суы басып қалатын көшелер мен аулаларды тазалай бастады», - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар департаментіне, тұрғындардан су басу туралы шағым түскен жоқ.