Қаржылық мониторинг агенттігі рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адамды анықтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚМА мәліметінше, 14 шілдеде ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес қылмыстық іс-әрекет эпизодтарының бірі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына келесі азаматтар қамалған:
- Танашев Тимур Сержанұлы, 1983 жылы туған;
- Бабаев Рауан Тимурұлы, 1992 жылы туған;
- Алтыбасаров Аңсар Мұратұлы, 1990 жылы туған;
- Абижанов Дастан Мәдиұлы, 1977 жылы туған.
"15 шілдеде осы тұлғаларға қатысты Алматы қаласы мамандандырылған тергеу сотының қаулысы бойынша, 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Сонымен қатар, сот Елдос Қоспаевқа іздеу жариялап, қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын таңдады. Ал, Айдос Қоспаев мен Руслан Шалин күдікті деп танылды", - делінген хабарламада.
ҚМА осы тұлғарардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккендер болса, Қаржылық мониторинг агенттігінің сенім телефондарына немесе аумақтық экономикалық тергеу басқармаларына хабарласуды сұрайды.
1177 рет оқылды