Алматыда өртенген ғимараттың үстіндегі жұмысшыны кран жүргізушісі құтқарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Құтқару операциясы видеоға түсіп қалған.
«Кран жүргізушісі жұмысшыны соңғы секундта құтқарды»,- делінген постта.
Бұл шығыс айналма жолында салынып жатқан ғимарат болып шықты. Осыдан 1 күн бұрын бұл ғимараттан өрт шығып, газ баллоны жарылған болатын.
Өртті сөндіруге 17 адам, 4 техника жұмылдырылды.
Өртті Алматы ТЖД тепловизиялық камерасы анықтаған.