04 мау, 2020 сағат 13:54

Алматыда өртенген автобустың жүргізушісінің қолы күйіп қалды

Алматыда отқа оранған жолаушылар автобусы жүргізушісінің қолы күйіп қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«4 маусым күні Алматы қаласының ТЖД «101» пультіне куәгерден автобус өртенгені туралы хабарлама түсті. Автобустың ішінде адам болмаған. Мотоциклетті экипаж оқиға орнына 5 минуттың ішінде жеттті. Олар 2014 жылы шыққан «Yutong» маркалы автобустың ашық жалынмен жанып жатқанын хабарлады. Тілсіз жау жарнама тақтасына жайылып үлгерген. Автобус газбен жүреді. Өртті сөндіру үшін жедел түрде көбік шашылып, сондай-ақ жақын орналасқан ғимараттарды қорғап, салқындату үшін өрт оқпандары қолданылды» деп хабарлады ТЖД. 

Шұғыл қолданылған шаралардың арқасында жалын 8 минуттың ішінде ауыздықталып, 15:07-де толық сөндірілді. 

Автобус жүргізушісінің оң қолы күйіп қалды. Ол ауруханаға жатудан бас тартты.

Отты сөндірге жеке құрамнан 12 адам, 2 өрт цистернасы және 2 мотоциклетті экипаж жұмылдырылған.