17 сәу, 2023 сағат 10:14

Алматыда ер адам үйінің терезесінен оқ жаудырды

видеодан алынған кадр

Алматы қаласында мас ер адам үйінің терезесінен оқ жаудырды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Рolisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Алматы қаласының Әуезов ауданындағы үйлердің бірінде ер адамның пәтер терезесінен оқ атқаны туралы хабарға дереу патрульдік полиция қызметкерлері мен полицияның арнайы жасақтары аттанған.

"Нәтижесінде, 1959 жылы туған ер адам ұсталды. Оның алкогольді масаң күйде өз атына тіркелген аңшы мылтығынан бірнеше рет оқ атқаны белгілі болды.

Зардап шеккендер жоқ.

Оның әрекетіне құқықтық баға тергеу барысында беріледі. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.