14 шіл, 2022 сағат 10:55

Алматыда дезинфекция өнімін заңсыз дайындағандар ұсталды


Алматыда ірі көлемде "Септохим" маркалы дезинфекция затын заңсыз дайындау және сату дерегі анықталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жедел іздестіру шаралары барысында бұл өнімді заңсыз өндірген тұлғалар ұсталып, кәсіпорын кеңсесі мен өндірістік цехы анықталды. Іздестіру шаралары нәтижесінде әрқайсының сыйымдылығы 5 литрлік 300-ден аса бөтелке табылып, тәркіленді. Заңсыз өндірілген және өткізілген контрафактілік "Септохим" маркалы дезинфекция затынан келтірілген материалдық залал сомасы 20 миллион теңгеден асады", - делінген хабарламада.

Қазір бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.