20 сәу, 2023 сағат 17:31

Алматыда «Chia Tai Tianqing» қаржы пирамидасына қатысты іс қозғалды

Фото: elements.envato.com

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Chia Tai Tianqing» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржылық мониторинг агенттігі мәліметінше, кәсіпорын тағамдық қоспалар мен басқа да дәрі-дәрмектерін өндіруге инвесторлардан қаражат тартқан. Сондай-ақ өзінен кейін адамдарды алып келген салымшыларға бонус төлеу уәде етілген.

Айта кету керек, «Chia Tai Tianqing» Қазақстан аумағында заңды тұлға ретінде тіркелмеген.

"Қазіргі уақытта ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті аталған серіктестіктің екі белсенді басшысын ұстап, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Басқа ұйымдастырушыларды анықтап табу бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр" - делінген хабарламада.