12 сәу, 2023 сағат 18:55

Алматыда әйелдің кесілген басы табылды - қылмыскер іздестіріліп жатыр

Фото: Kazpravda.kz

Алматы полициясы басы кесілген әйелді өлтірген күдіктіні іздестіріп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 сәуір сағат 08:40-та 102 пультіне Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттың жанынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

"Ақпарат расталды. Жедел тергеу тобы оқиға орнын тексерді. Әйелдің басы кесілген болып шықты. Оның жеке басы анықталды. Азаматша 1976 жылы туған, тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған.

Әйелдің басы жақын жердегі сауда орындарының бірінен табылды.

Аталған дерекке қатысты Түрксіб аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша қылмыстық істі тіркеді. Қылмысты ашуға және оның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр" - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық істің өзге мәліметтері жария етуге ​​жатпайды.