Фото: © Sputnik / Айдана Дайырова
Алматыда Шолохов көшесіндегі саябақта денесі табылған әйелдің өліміне күдікті ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сот санкциясы бойынша 1962 жылы туған И. есімді ер адам тұтқындалған.
"Күдіктінің жәбірленушімен бірнеше күннен бері таныс болғаны, қылмыстың жанжал кезінде жасалғаны белгілі болды.
Қазір Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасымен ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды" - делінген хабарламада.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімі белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқықбұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.