© Photo: Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Алматы облысы Қарасай ауданындағы қонақүйлердің бірінде 26 жастағы өзбекстандық әйелдің денесі табылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиға туралы хабар полицияға 20 сәуірде сағат 14.25-те түскен.
"Қылмыстық құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі - "Адам өлтіру" бойынша Қарасай ауданының ЕҚДБ-да тіркелді. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша жүргізілген тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 34 жастағы ер адам ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - дейді облыстық ПД басшысы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.
Қылмыстық іс бойынша тергеу Департамент басшылығының бақылауына алынған.