Фото: creativecommons.org
Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында 12 жастағы қызды 72-дегі ер адам зорлады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы облысының полицейлері кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады. Қазір ол УҰО-ға қамаққа алынған.
"13 сәуірде жергілікті тұрғын Ұйғыр ауданының полициясына қызының зорланғаны жайында арызданған. Бұл дерек ҚР ҚК 120-бабының белгілері бойынша тіркелді.
Аталған фактіні тексеру шеңберінде бірқатар сот-медициналық сараптамаларды тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін тараптардың дәлелдері жан-жақты, толық және объективті тексерілуде.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, сондай-ақ тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды" - делінген хабарламада.