07 шіл, 2022 сағат 11:25

Антисанитариялық жағдайда алкоголь өндірген адам ұсталды - ҚМА


ҚМА Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қолдан жасалған есепке алу-бақылау таңбалары бар суррогат алкоголь өнімін өндірген жасырын цехты жойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны жеке үй аумағындағы үй-жайда антисанитариялық жағдайда қолдан алкоголь өнімдерін заңсыз дайындаған.

Оқиға болған жерді тексеру барысында есепке алу бақылау маркалары, алкоголь өнімі, спирт және алкоголь өнімдерін құюға және дайындауға арналған түрлі заттар табылып тәркіленді" - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.