13 шіл, 2022 сағат 12:25

Алматы облысы тұрғыны заңсыз рулетка ойынын ұйымдастырған


Алматы облысының тұрғыны крупьенің қатысуымен заңсыз рулетка ойынын ұйымдастырған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті қызметкерлері тиісті рұқсат құжаттарынсыз бірнеше ойын мекемелерінде "үстел-рулеткаларды" заңсыз орнату фактілерін анықтады.

Ойынға арналған залдары Алматы облысының аумағында орналасқан, тек ойын автоматтарының қызметін жүзеге асыруға рұқсат берілген. 

Алайда, мекеме ұйымдастырушылары кіріс алу мақсатында, крупьенің қатысуымен жұмыс істейтін "рулеткаларды" пайдаланған, бұл "Ойын бизнесі туралы" Заңын бұзу болып табылады, өйткені ойын үстелдеріне өкілдердің қатысуына тек казино үшін рұқсат етіледі" - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.