11 мау, 2020 сағат 08:33

Алматы маңында қоқыс полигонындағы өртті тікұшақпен сөндіріп жатыр

Алматы облысында қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге 3 тонна су тасымалдайтын құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы қосылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Өрт түні бойы сөндірілді, қазіргі уақытта оқиға орнында Алматы облысы ТЖД жеке құрамынан 40 адам, 8 техника, Іле ауданы әкімшілігінен 26 адам, сондай-ақ 10 су тасушы техника, 3 бульдозер, 3 тиегіш, 5 самосвал жұмыс істеп жатыр. 

Өрт алаңы - 3 гектар. Ал жалпы қоқыс тастайтын алаңның аумағы 38 гектарды құрайды. 

«Өрт орнында үздіксіз су беріліп жатыр. Сонымен қатар қазіргі уақытта жану ошақтарын қайта құнарландыру және топырақпен жабу шаралары жүргізілуде» делінген хабарламада.