Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстанға ығысқан суық антициклон көптеген облыста температураның төмендеуін алып келді.
"Алдағы тәулікте атмосфералық үрдістердің қайта құрылуы басталып, Иран ауданынан жылы ауа массалары ығысатын болады. Ол республиканың шығысында ауа температурасының жоғарылауына ықпал етеді", — дейді синоптиктер.
Еділ жақтан батыс аймақтарға атмосфералық фронттар ығысып, жаңбыр және қар аралас жауын жауады. Батыста ауа температурасы әдеттегі нормадан 2-4 градусқа төмен болады деп болжанып отыр.