Синоптиктер 27-29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, батыс облыстарға жаңбыр әкелген атмосфералық ауа ағындары шығыс бағытқа ауысып, республиканың солтүстік облыстарында жаңбыр жауады.
Қазақстанның өзге аумақтарындағы ауа райы жоғары атмосфералық қысымның ықпалында болады. Сондықтан, мұнда жауын-шашын болмайды. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарда ауа температурасы көтеріледі, ал солтүстік және орталық өңірлерде күн суытады.