06 ақп, 2023 сағат 12:26

Алдағы үш күнде ауа-райы қандай болады?

Фото: rgo.ru

Қазгидромет 7-9 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігіне Жерорта теңізінен келетін циклон әсер етіп, қалың қар жауады. 9 ақпанда елдің шығысында қалың қар, оңтүстікте қар аралас жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ республиканың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман, оңтүстік-батыста көктайғақ болады.

"Еуропа аймақтарынан келетін антициклонның әсерінен ауа температурасы түнде батыста және шығыста 13-21, солтүстікте 20-28, орталықта 15-26 аязға дейін төмендейді. Күндіз батыста 7-12, солтүстікте 15-20, шығыста және орталықта 10-18 аязға дейін", - делінген хабарламада.