19 қаз, 2018 сағат 11:22

Алдағы тәуліктерде күн 20 градусқа дейін жылынады

Синоптиктер 20-22 қазан күндеріне ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Демалыс күндері республиканың көптеген облыстарында күн бұлттанып, жауын-шашын болады.

«Қазақстан арқылы өтетін суық атмосфералық ауа ағындарына байланысты көптеген облыстарда қар жауады. Бірақ, оңтүстік және оңтүстік-шығыста ауа райы жоғары атмосфералық қысымның ықпалымен жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстакей жерлерде қар жауып, ауа температурасы күндіз плюс 13...20°С-қа дейін жылынады», - делінген хабарламада.