Фото: Pixabay
Синоптиктер 25-27 мамырда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Республиканың басым бөлігінің ауа-райын атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайтын болады, жаңбыр, найзағай, тек республиканың солтүстік-батысында антициклон жотасымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауылдар болады.
"Қазақстан бойынша ауа температурасы күндіз: негізгі фон батыс өңірлерде 27-35 градус жылы, солтүстік-батыста 25-30 градус жылы күтіледі, солтүстікте, шығыста, орталықта 18-27 градус жылыға дейін аздап төмендейді, оңтүстікте 25-33 градус жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 23-30 градус жылыға дейін аздаған жоғарылауы болжанады", - делінген хабарламада.