08 ақп, 2023 сағат 11:47

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото: pixabay

Қазгидромет 9-11 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Синоптиктер мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде - оңтүстік және шығыс облыстарда "Оңтүстік" циклонының әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 9 ақпанда қатты жауын-шашын, 10 ақпанда қалың қар, көктайғақ күтіледі.

"Республика бойынша тұман, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. 11 ақпанға жақын батыс антициклонының екпіні оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарға ауысып, жауын-шашын бірте-бірте тоқтайды. Түнгі температураның 8-21 аязға дейін төмендеуі күтіледі", - делінген хабарламада.