22 қаз, 2018 сағат 11:10

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 23-25 қазан күндеріне қатысты ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ресейдің еуропалық бөлігіндегі жылы ауа райын ұзақ уақыт бойы ұстап тұрған антициклон шығысқа қарай ойыса бастады. Ол алдағы үш күнде Қазақстандағы ауа райына ықпал етеді.

Соған байланысты республиканың көпшілік облысында жылы әрі жауын-шашынсыз ауа райы орнығады. Еліміздің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында ауа температурасы 15-20, кей жерлерде 23-25 градусқа дейін көтеріледі. Тіпті солтүстік, орталық және шығыс аудандарда да күн жылы болып, сынап бағаны 5-15°С айналасында болады.

Айта кетейік, бұл климаттық нормадан 3-8°С жоғары.