26 нау, 2018 сағат 11:00

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2018 жылдың 27-29 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Қазақстан аумағы арқылы өтетін циклондар мен атмосфералық фронттар тұрақсыз ауа-райын алып келеді: шуақты, ыстық күндер жаңбырлы күндермен ауысады", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, синоптиктердің айтуынша, алдағы үш тәулікте ауа райы айтарлықтай өзгермейді екен. 

"Солтүстік облыстарда синоптиктер жаңбыр және ылғалды қар түріндегі жауын-шашын, тұман және көктайғақ, оңтүстікте жаңбыр болады деп болжайды. Ауа температурасы төмендегенімен, климаттық нормадан жоғары болып сақталады", - делінген хабарламада.