Ақтөбе облысында шенеунік 14 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды. Бұл қаражат ауданды сумен жабдықтауға бөлінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі diapazon.kz сайтына сілтеме жасап.
2019 жылғы қаңтарда Жәнібек Айдашев Темір ауданы ТКШ бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалған. Бірақ жас шенеунік өз лауазымын бюджеттен ақша жымқыру мақсатында пайдаланған. Оған "Кеңқияқ-СК" КМК директоры Айгүл Советова мен ақтөбелік танысы Айдашева көмектескен.
2019-2020 жылдар аралығында Айдашев серіктестерімен бірге бюджеттен 14 миллион теңгеден аса қаражат жымқырған.
Олар ұсталған әрі кінәсін мойындап, прокуратурамен процессуалдық келісім жасаған. 35 жастағы Жәнібек Айдашевты 2,5 жылға бас бостандығынан айырып, оған мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеуге тыйым салды. КМК директоры 2 жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ оның кішкентай баласы бар, сондықтан жаза екі жылдан кейін қолданылады. Олардың серіктесі 3 жылға бас бостандығынан шектелді.
932 рет оқылды