Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.
"Күдіктілер қорқыту арқылы кәсіпкерден бірнеше рет 2 млн теңге сомасында ақша қаражатын бопсалағаны анықталды. Тексеру кезінде олардың біреуінен 900 мың теңге тәркіленді.
Осы дерек бойынша ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі "Бопсалау" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды" - делінген хабарламада.
Күдіктілердің үшеуі ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталып, қамауға алынған.