01 шіл, 2022 сағат 09:43

6,5 миллиард теңгеге жалған шот-фактура жазып бергендер сотталды


ҚМА Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері шот-фактураларды заңсыз жазып беру фактілерінің жолын кесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тергеу барысында азаматтар В.Р. Легин мен С.А. Рыжаков жалған тұлғаларға ресімделген 13 компания құрғандығы анықталды, содан кейін материалдық пайда табу мақсатында 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде осы компаниялардың атынан бірқатар заңды тұлғаларға жалпы сомасы 6,5 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берілді.

В.Р. Легин мен С.А. Рыжаковтың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 2 млрд. теңгеден астам сомаға залал келтірілді" - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, сот екеуін де кінәлі деп тауып, Легин Вильгельм Робертович пен Рыжаков Сергей Александровичті 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айырып, Легиннен 13 млн теңгеден астам ақша тәркілеу туралы үкім шығарды.