02 мау, 2022 сағат 12:55

60 жастағы ақтөбелік жалған банк қызметкеріне 22 млн теңгесін беріп қойды


Ақтөбе тұрғыны банктің жалған қызметкеріне алданып, 22 миллион теңгесінен айырылып қалған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Портал мәліметінше, 30 мамырда тұрғынға банк қызметкері болып танысқан ер адам қоңырау шалған. Алаяқ мұндай операция банк жүйесінде қалыпты екенін айтып, шотты қауіпсіздендіру үшін телефонға келген SMS-хабарламадағы кодты айтуын сұрайды. Кодты алғаннан кейін алаяқ бүкіл ақшаны жәбірленушінің картасынан басқа банктік шотқа аударып алған. Жалпы шығын 22 млн теңгеден асты.

"Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті алаяқтық жағдайларының алдын алу үшін ешкімге, тіпті банк қызметкеріне де жеке шоттары мен карталарына қатысты SMS-код және басқа да дербес ақпаратты айтуға болмайтынын ескертеді" - делінген хабарламада.