«Қазгидромет» РМК-сы қыркүйектің 28-не арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Кәсіпорын мәліметтеріне қарағанда, атмосфералық фронталды бөліктер шығысқа бет ала отырып, солтүстік-батысқа, республиканың солтүстігіне ықпал етеді. Аталған аймақтарда жауын жауып, күн күркіреуі мүмкін.
Қазақстанның өзге аймақтарында күн ашық. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте оның арты шаңды дауылға ұласады. Түнде және күндіз елдің бірқатар аумақтарында тұман түседі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз елдің басым бөлігінде желдің күші секундына 15-20 метр болып екпіні, 23-28 метрге жетеді.
Алматы облысында, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с болады.
Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, күндіз Павлодар, Ақтөбе облыстарының бірқатар жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Павлодар, Ақтөбе облыстарында тұман түседі.
Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аумақтарында да тұман түседі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел соғып, арты шаңды дауылға ұласады.
Түркістан облысында және Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.