Қазақстандық ауыр атлет Зульфии Чиншанлоны спорттан шеттету мерзімі 2018 жылы аяқталады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (ХААФ) тәртіптік комиссиясының шешімімен Чиншанло спорттан екі жылға шеттетілген болатын. Шешім 2016 жылдың 26 мамырында күшіне енген еді.
Осылайша, қазақстандық ауыр атлет 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға қатыса алады.
Еске салайық, Лондонда өткен Олимпиада ойындары кезінде Чиншало алтынға қол жеткізген, алайда, кейін жүлдесінен айырылған.
Бүгін ХААФ қазақстандық үш ауыр атлетке қатысты санкция қолданғаны белгілі болды. Ең ұзақ мерзімге Светлана Подобедова шеттетілді.
05 мам, 2017 сағат 10:04
Зульфия Чиншанло Токиодағы Олимпиадаға қатыса алады
21.11.2024
12.11.2024