13 мау, 2022 сағат 13:16

Жұмыс пен жауапкершілік азайған жоқ – Аймағамбетов


ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов министрлік бөлінгеннен кейінгі жұмыс туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жұмыс азайған жоқ, 1 млн-ға жуық бала 10 мыңға жуық балабақшада тәлім-тәрбие алып, оқып жатыр. Сондай-ақ 800-ге жуық колледж және қосымша білім беретін ұйымдар бар. Оған қоса балалардың құқығын қорғау мәселесін ұмытпайық. 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың жауапкершілігі біздің мойнымызда. Сондықтан жауапкершілік те, жұмыс та азайған жоқ», - деді министр Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында. 

Сонымен бірге, журналистер «министрлік бөлінген соң, жалақы мөлшері өзгерді ме?» деген сұрақ қойды. 

«Жалақыға қатысты Үкіметтің бекіткен мөлшері бар. Бұл барлық министрлік пен бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарға қатысты, бәріне бірдей. Жалақым Үкімет бекіткен мөлшерде. Оны қайта-қайта айтудың қажеті шамалы. Жалақымды 3-4 рет айтқанмын. Ешқандай өзгеріс жоқ. Бұл - мемлекеттің бекіткен мөлшері», - деп жауап берді Асхат Аймағамбетов.