19 мам, 2026 сағат 17:30

Алматы облысында есірткіге күдіктілерді қорлаған видео: полиция тергеу бастады

Фото: astanazan.kz

Алматы облысында есірткі таратуға күдікті үш жас жігітке қатысты резонансты оқиға бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ult.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода белгісіз адамдар үш күдіктіні бір-біріне қорлайтын әрекеттер жасауға мәжбүрлегені көрсетілген. Бұл жағдай қоғамда үлкен талқылау туғызып, құқық қорғау органдарының назарын аударды.

Жазба алғашында Алматыда болған деп көрсетілгенімен, кейінгі тексеріс барысында оқиға Алматы облысының Қарасай ауданында болғаны анықталды. Материалдар аумақтық тиістілігі бойынша жергілікті полицияға жолданды.

Алматы қалалық полиция департаменті видеодағы азаматтардың жеке басын анықтап, оларды полиция бөліміне жеткізіп, түсініктеме алғанын хабарлады.

Қазіргі таңда оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған-қозғалмағаны жөнінде ресми ақпарат нақтыланбаған. Тергеу жалғасып жатыр.

Полиция өкілдері есірткі айналымына қатысудың ауыр құқықтық және қауіп-қатер салдарын тағы да еске салып, мұндай әрекеттердің қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін атап өтті.